Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы ҚазҰӨУ алдындағы алаңда 30 қыркүйек пен 1 қазанда Қостанай мен Ақтөбе облыстарынан барған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.
Жәрмеңкеге Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының 12 ауданынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары да қатысады.
Облыс кәсіпорындары 400 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Олар мыналар:
- ет – 51 тонна;
- сүт өнімдері – 35 тонна;
- шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттары – 23 тонна;
- жарма мен макарон өнімдері – 30 тонна;
- картоп пен көкөніс – 70 тонна;
- ұн – 50 тонна;
- нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және тағы басқа.