Басты бет Жаңалықтар Қазақстанға заңсыз жолмен 48 келі алтын әшекей кіргізілмекші болды

Қазақстанға заңсыз жолмен 48 келі алтын әшекей кіргізілмекші болды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2023 жылғы 28 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Қазақстанға ірі көлемдегі зергерлік бұйымдарды заңсыз жолмен алып кіру әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Жүк автокөліктің жасырын орнынан табылды. Тәркіленген заттың алдын ала салмағы — 48 килограмнан асады, — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Exit mobile version