Басты бет Жаңалықтар Террористік ұйымдарды насихаттады деген күдікпен БҚО тұрғыны тергеліп жатыр

Террористік ұйымдарды насихаттады деген күдікпен БҚО тұрғыны тергеліп жатыр

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдікпен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігі бойынша өзге ақпарат жария етілмейді”, – делінген комитет хабарламасында.

Exit mobile version