Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында притон ашқан күдікті ұсталды

Жамбыл облысында притон ашқан күдікті ұсталды

Жамбыл облысында клиенттерге ақша үшін қыздардың интим қызметтерін ұсынған кафелерді анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті  деп ұсталды.

50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды. Қолма-қол ақша және телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды.

Exit mobile version