Басты бет Жаңалықтар Елімізде 25 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Елімізде 25 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/ Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Республикамыз бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік, шығыс өңірлерде екпінді жел тұрады, — делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, түнде Ақмола облысының шығысында топырақ беті қатып, 1 градус суық болады, үсік жүруі мүмкін.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.

Exit mobile version