Басты бет Жаңалықтар Алматыдан 553 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 553 шақырым жерде жер сілкінді

Фото: Іnform.kz
Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен сағат 07.54-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8. Магнитудасы MPV 4.4. Эпицентр координаттары 40,04° с.е., 83,47°ш.б. Тереңдігі – 5 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ, — делінген хабарламада.

Exit mobile version