Басты бет Жаңалықтар Моноқалаларды дамытуға 1,7 триллион теңге бөлінеді

Моноқалаларды дамытуға 1,7 триллион теңге бөлінеді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР үкіметінің қаулысымен Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген.

Бұған дейін министрлер кабинеті Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылдаған еді.

10 кешенді жоспар аясында 608 тармақтан тұратын іс-шараларды іске асыру көзделген: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған.

Мысалы, Жаңатас қаласында республикалық және жергілікті бюджет, сонымен қатар басқа да көздер есебінен 75 іс-шараны іске асыруға 3 миллиард теңгеден астам қаражат жоспарланған.

Қаратауда шамамен 50 миллиард теңге – бюджеттен тыс ақша.

Арқалық қаласында Маятас кластерінің кен орындарына геологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін тау-кен байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Құны 315 миллиард теңге болатын жоба 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Балқаш қаласында кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 8,5%-ке, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 90%-тен кем емес өсіп, негізгі капиталға салынған инвестиция 57 миллиард теңге болады деп күтіледі.

Exit mobile version