Басты бет Жаңалықтар Өзбекстанда көп әйел алғандар мен бетін бүркемелегендер жазаланады

Өзбекстанда көп әйел алғандар мен бетін бүркемелегендер жазаланады

Фото: lifejournal.com
Өзбекстанның Олий мәжілісі елдің қылмыстық кодексіне және әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізетін заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, өзбекстандықтар келесі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылады:

  • ұлты, нәсілі, этникалық және діни белгілері бойынша азаматтардың үстемдігін немесе толымсыздығын насихаттау;
  • заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен тіркеу;
  • екі және одан көп әйелмен бірге тұруды насихаттау;
  • әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамау;
  • азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүру.

Айта кетейік, медициналық диагнозы бар адамдарға және қызметтік міндетін атқаратын мамандарға бет-бейнені тұмшалайтын киім киюге тыйым салынбайды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде, немесе спорттық және өзге де мәдени-бұқаралық шаралар кезінде, заңмен рұқсат етілген өзге де жағдайларда қолданылатын арнайы бас киімдерге тыйым қарастырылмаған.

Exit mobile version