Басты бет Жаңалықтар Президент сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

Президент сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 8-шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.

Жиынға мәжіліс және сенат депутаттары, үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық құрылтай, адам құқықтары жөніндегі комиссия, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Бірлескен отырысқа мәжілістің 98 депутатының 97-сі және сенаттың 50 депутатының 50-і қатысып отыр.

Exit mobile version