Басты бет Мәдениет Астанада Astana Piano Passion фестивалі өтеді

Астанада Astana Piano Passion фестивалі өтеді

Астанада 22-28 сәуір аралығында Astana Piano Passion төртінші халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы өтеді.

Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен келген Ванесса Латарш (Ұлыбритания), Петр Полечный (Польша), Станислав Юденич (АҚШ) сияқты ең үздік педагогтары келіп,  шеберлік сабақтарын өткізеді.

Байқаудың арнайы astana-app.kz желісінде жарыстың барлық кезеңдерін online режимде көруге болады. Осылайша, ұйымдастырушылар байқаудың әділ өтуін қамтамасыз етеді.

Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау, сыйлықтарды тапсыру 28 сәуірде сағат 18.00-де «Астана Балет» театрының сахнасында өтеді.

Еске сала кетейік, байқаудың жалпы жүлде қоры  60 000 АҚШ долларын құрайды.

Байқауды ұйымдастырушылар — ҚР Мәдениет министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі, Мәскеу филармониясы және Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтің қолдауымен «Accordi di Astana» қоғамдық қоры.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version