Басты бет Жаңалықтар Елімізде 10-12 тамыз күндері ауа райы қандай болады?

Елімізде 10-12 тамыз күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10-12 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, ұзақ аптаптан кейін облыстардың басым бөлігінде арктикалық ауаның салқындығы жүреді. Оңтүстік циклонның әсері елдің шығысында жалғасады.

Республика бойынша, батыста жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Найзағай кезінде екпінді жел күшейеді. Республиканың батыс аймақтарында ыстық ауа райы сақталады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version