Басты бет Жаңалықтар 1961 жылғы Арал теңізін көре алмауымыз мүмкін — Андрей Птинчиков

1961 жылғы Арал теңізін көре алмауымыз мүмкін — Андрей Птинчиков

География институтының табиғатты қолданудағы мәселесі бөлімінің жетекшісі Андрей Птинчиков Ташкент тілшісіне берген сұхбатында Арал теңізінің құру қаупі жоғары екенін айтты.

Сурет: aral-sea.com

Бүгінде Арал мәселесі Өзбекстан мен Қазақстан үшін де маңызды мәселеге айналып отыр. Осы сұрақ төңірегінде сұхбат алған Спутник Ташкент тілшісіне География институтының табиғатты қолданудағы мәселесі бөлімінің жетекшісі Андрей Птинчиков теңізді қалыпқа келтірудің оңтайлы жолы жоқ екенін айтқан.

Ол үшін өте көп су мөлшері қажет. Бірақ бұл да мәселеден түбегейлі шығара қоймайды. 1961 жылғы Аралды көре алмауымыз әбден мүмкін. Әрине, ауыл шаруашылықпен айналысуды доғарыңыздар дей алмайсыз. Ол да өз кезегінде ұлан-асыр пайда әкеліп жатыр. Мәселен, Мексика инженерлік системаны ойлап табу арқылы суды қолдануды екі есе қысқарта алды. Олар суды қолдануға квота бекітіп қойды, кімде кім артық қолданса, оларға үкімет қатаң түрде шара қолданды. Міне, осы арқылы суды үнемдеудің жоғары нәтижесін көрсетті. Әрине, бұшл үшін мемлекет араласу қажет. Егер су тегін болса, халық оны үнемдемей жұмсай береді, ал егер ақылы болса, нәтижесн көруге әбден болады, — деді Птинчиков.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version