Жамбыл облысындағы «ЖаңаЖамбылфосфор заводы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде екі адам фосфорға күйіп қалды.
Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Оқиға 3 тамыз күні сағат 11.30-да болған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр.
Сағат 11.30-да зауыттың қойма аумағында танк-контейнерден сары фосфор шығарылған. Сол кезде 1991 жылы және 1997 жылы туған екі адам зардап шеккен. Науқастар Тараз қалалық көп бейінді ауруханасының күйік бөлімшесіне жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жағдайлары ауыр, — делінген хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастарға термиялық күйіктің екінші-үшінші кезеңі, 22% күйген деген диагноз қойылған. Қазіргі күні тиісті дәрігерлер медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Ал облыстық еңбек инспекциясы басқармасының орынбасары Нұркен Сейдалиев мәселенің мән-жайы анықталып жатқанын айтады.