Басты бет Жаңалықтар KEGOC компаниясының төрағасы тағайындалды

KEGOC компаниясының төрағасы тағайындалды

Фото: "Самұрық-Қазына" холдингі
Нәби Айтжанов «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Нәби Айтжанов «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

Ал «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясы KEGOC-ты 2021 жылғы қарашадан Қаныш Молдабаев басқарып келді.

Нәби Айтжанов 1980 жылғы 11 қыркүйекте Ақмола облысында туған. Екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы «Көкшетау Энерго» ЖШС болжау-талдау орталығында маман-жетекші инженер қызметінен бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ корпоративтік даму басқармасының басшысы, «Энергопоток» ЖШС директоры, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас директоры және «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бас директоры болды.

Exit mobile version