Air Astana жолаушыларына үндеу жасады

Air Astana жолаушыларына Астана халықаралық әуежайындағы жыл сайынғы ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты үндеу жасады.

Астана халықаралық әуежайында 15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін жыл сайынғы ұшу-қону жолағын жөндеу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11.00-ден. 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Егер сіз 15 шілде мен 8 тамыз аралығында ұшуды жоспарласаңыз, әуежайға ертерек келуіңізді және тіркеуден алдын ала өтуіңізді сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал. Қолайсыздыққа түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.