1 шілдеден бастап Алматыда коммуналдық тарифтер өседі. Бұл туралы КТК хабарлады.
Қалада жылу тарифтері 20%-ке көтеріледі. Бизнесмендер үшін 30%, ал бюджеттік ұйымдар үшін 36%-ке артады. Суық су мен канализацияның тарифтері 15%-ке өседі. Кәсіпкерлер үшін 70%-ке артық болады.
1 шілдеден бастап Алматы тұрғындарына 1 шаршы метрге, яғни 1 000 литрге судың бағасы 55 теңге 20 тиын болады. Қазіргі баға 48 теңге. Яғни 7 теңгеге тариф өседі. Кәріз қызметінің тарифі 29 теңге 74 тиын болады, — дейді «Алматы су» МКК ресми өкілі Серік Шәгіров.
Осылайша, қала тұрғындары суға 150 теңге, жарыққа 450, ал бір бөлмелі пәтерді жылыту үшін мың теңге артығымен төлейді. Ал үш бөлмелі пәтерге 2 400 теңге көбірек кетеді. Табиғи монополияны реттеу комитеті жаңа тарифтерді енгізуге келісті. Ал заңды тұлғаларға су мен кәріз тарифтері 69-89%-ке қымбаттайды.