Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық болады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Осы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды. Найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

1 шілдеде Батыс Қазақстанда жаңбыр мен, бұршақ жауу мүмкін.

Солтүстік және Орталық Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстікте күндіз 25-30-ға дейін, орталықта 30-35-ке дейін, оңтүстікте 33-38-ге дейін, оңтүстік-шығыста 28-33-ке дейін температура біртіндеп көтеріу мүмкін. Республиканың шығысында күндіз 17-25 градусқа дейін көтеріледі. Ал батыста айтарлықтай өзгерістер болмайды. Күндіз 25-30-ға дейін, ал оңтүстік-шығыста 33-38-ге дейін жылы болады.

Exit mobile version