2 миллионыншы тұрғын Еңбекшіқазақ ауданында дүние есігін ашты. Сəбидің салмағы — 3 келі 700 грамм.
«Ұлыстың ұлы күні Алматы облысында екі миллионыншы тұрғынның өмірге келуімен басталып отыр. Сәбидің жарық дүниеге келуі — отбасы үшін әрқашан ерекше қуаныш, ал облыстың екі миллионыншы тұрғынының өмірге келуі — өңіріміз үшін ерекше тарихи оқиға. Сондықтан сіздерді үлкен қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәрестеміз тәуелсіз еліміздің бетке ұстар азаматы болсын. Шаңырақтарыңыздан шаттық пен бақ-береке кетпесін. Еліміз аман болып, халқымыздың саны көбейе берсін», деп облыс әкімі Амандық Баталов жас отбасына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.