Басты бет Жаңалықтар Астана маңындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Астана маңындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Елордалық өрт сөндірушілер қураған шөпті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елорда маңындағы өрт болған жерге барды.

Министр өртті жеделдетіп жою үшін күштер мен құралдарды жұмылдырып, Қазавиаспа техникасын қосымша тартуды тапсырды.

Қазіргі уақытта су төгетін құрылғысы бар МИ-8 борты қосымша тартылды. Ол өрт болып жатқан жерлерге 51 тонна су төкті. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері қорғаныс министрлігі мен «Қазавиапас» АҚ тікұшақтары 59 мәрте (шамамен 198 тонна) су төкті. Оқиға орнында 185 құтқарушы мен 37 техника жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Астанадағы қураған шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама өрт сөндірушілерге кеше сағат 09.12-де түскен еді.

Exit mobile version