Басты бет Жаңалықтар Марат Тәжин елші қызметінен босатылды

Марат Тәжин елші қызметінен босатылды

Марат Тәжин, Фото: Марат Әбілов
Марат Тәжин Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.

Оның орнына Бақыт Дүйсенбаев Қазақстанның Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Exit mobile version