Басты бет Жаңалықтар 20 наурызға арналған ауа райы болжамы

20 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Фото: РИА Новости

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады, жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл мен жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, Маңғыстау облысында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман байқалады, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-пен соғады, ал күндіз жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді, түнде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version