Басты бет Жаңалықтар Air Astana әуе компаниясына 6,7 миллиард теңге айыппұл салынды

Air Astana әуе компаниясына 6,7 миллиард теңге айыппұл салынды

Фото: Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Air Astana әуе компаниясына 6,7 миллиард теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді.

Ведомство авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде халықтың қатты сынға алуына байланысты Air Astana қызметіне тексеру жүргізілгенін айтып өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша  Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды, — делінген хабарламада.

2023 жылғы 8 маусымында Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana компаниясына 6,7 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Exit mobile version