Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанда ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Қазақстанда 6-8 маусым аралығында ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстігінде ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Жалпы Қазақстанның басым аумақтарында ауа райы тұрақсыз, кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауабы. Батыста 6 маусымда қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Дәл осындай ауа райы 7-8 маусымда солтүстік-батыста қайталанады. Ал солтүстікте 8 маусымда бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда жауын-шашын болмайды, — делінген хабарламада.

6, 7, 8 маусым күндері солтүстік және орталық, шығыс аймақтарды ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Ал Оңтүстік Қазақстанда күн 46 градусқа дейін ыстық болады. Тек Солтүстік Қазақстанда ғана сынап бағанасы +22 + 30С дейін төмендейді.

Exit mobile version