Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкімет Ұлттық қорға сеніп алған

Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкімет Ұлттық қорға сеніп алған

«Теңдестірілген және ашық бюджет – елдің табысты және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі» атты парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаржысына қатысты мәселелерді атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлттық қор қаржысын пайдалану мәслесіне ерекше назар аудару керектігіне тоқталған Сенат төрағасы: «бірқатар сарапшылардың пайымынша, Ұлттық қор қаржысын пайдаланудың қазіргі тәжірибесі ұзақ мерзімді перспективада Үкіметтің экономикалық саясаты тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұған ағымдағы проблемаларды жедел шешу үшін тұрақты қаржы көзінің болуы (Ұлттық қордан) ықпал етуде. Басқаша айтқанда, Ұлттық қор Үкіметті босаңсытып отыр», – деді.

«Біз экономиканы басқа жағдайларда дамытуға дағдылануымыз керек. Осы орайда экономикалық өсімнің жаңа моделін құрып, бәсекелестік пен нарық жағдайларында өмір сүруге үйренуіміз қажет. Бұл стратегиялық мақсатқа Президенттің Үшінші жаңғыруы негізделген», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version