Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның жыл көйлегі анықталады

Қазақстанның жыл көйлегі анықталады

"Қазақстанның жыл көйлегі" байқауы еліміздің сән индустриясында ерекше маңызға ие.

KFW 2013-2014. Aida Kaumenova сән үйі ұсынған топтама

Дүниежүзілік сұлулық конгресінің Қазақстандағы өкілдігі «Қазақстанның жыл көйлегі 2017» атты ІІ жыл сайынғы дизайнерлер мен сәнгерлер сайысын өткізеді.

Байқаудың финалдық кезеңі 24 мамыр күні Алматы қаласында өтеді.

«Байқаудың бірегейлігі — қатысушылар өздерінің барлық күшін, уақытын және дарынын салып жасаған бір көйлекті ғана ұсынатын болады», — дейді жоба ұйымдастырушылары.

Алғашқы бес жеңімпаз «Әлем көйлегі», «Dress of the World» Дүниежүзілік сәнгерлер мен дизайнерлер сайысында Қазақстанның атынан шығуға мүмкіндік алады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version