Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 21 маусымға дейін ұзартты.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, 2023 жылғы 21 маусымға дейін, — делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 2022 жылғы сәуірде қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр.