Басты бет Жаңалықтар Месси «Барселонаның» бапкері атанды

Месси «Барселонаның» бапкері атанды

Каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси маусым соңына дейін алаңда жүріп бапкер болу қызметін өз мойнына алды.

Месси мадридтік «Реалдан» басым түсу үшін командаға жаңа жоба құрастырып қойыпты.

Ол команданың негізгі құрамдағы футболшыларын жиі ауыстыратын бапкер Луис Энрикенің қызметіне разы емес екен. Сонымен қатар, аргентиналық футболшы командадан үш ойыншыны сатып жіберуді сұраған.

Осы маусым аяқталған соң Энрике клубтан кететіні белгілі, оның орнына Мессидің көңілінен шығатын және жерлесі «Севильяның» бапкері Хорхе Сампаоли келуі мүмкін.

Сондай-ақ Мессидің «Барселона» клубында қалу қалмауы да белгісіз. Соңғы мәліметтер бойынша, клуб басшылығы келісімшартты ұзартқан жағдайда 40 миллион евро бонус ретінде беретіндерін айтқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version