Басты бет Жаңалықтар Тағы екі банк біріктіріледі

Тағы екі банк біріктіріледі

Қазақстан қор биржасы "Tengri Bank" АҚ "Tengri Bank" АҚ және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ біріктіру туралы меморандумға қол қойылғандығы жайлы хабарлады.

Көрнекі сурет: i.kapital.kz

«2017 жылдың 13 наурызында «Tengri Bank» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ екі қаржы институттарын біріктіру туралы меморандумға қол қойды. Біріккен банк Қазақстан Республикасының қаржы нарығында өзінің позициясын айтарлықтай оңтайландырады деп көзделіп отыр. Банктің шоғырландырылған капиталы 43,2 млрд. теңгені құрады, ол ЕДБ рейтингінде 17-ші орынға көтерілуіне мүмкіндік береді. Бірлескен банктің капиталының жетімділік нормативі 19% құрайды, ол ең төменгі деңгейінен 2,4 есе жоғары»,-делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Tengri Bank» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ корпоративтік қаржыландыруда кешенді банк қызметін толық көрсетеді және жеке тұлғаларға қызмет етеді. 2016 жылдың желтоқсан айында «S&P Global Ratings» халықаралық рейтингілік агенттігі «Tengri Bank» АҚ ұзақ мерзімді несие рейтингін «B+» деңгейінде растады, ал 2016 жылдың наурыз айында «Capital Bank Kazakhstan» АҚ «B-» деңгейінде растады. Аталмыш рейтинг банктердің тұрақты қаржы жағдайын көрсетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version