Басты бет Жаңалықтар Ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарға өзгерістер енгізіледі

Ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарға өзгерістер енгізіледі

Фото: Tengrinews.kz
Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспанның айтуынша, заң жобасының мақсаты — ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Заң жобасы екі кодекс пен 11 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Әскери-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын стратегиялық объектілерге жатқызу және қорғаныс және қауіпсіздік қажеттіліктері үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға көмектесетін нормаларды енгізу көзделеді, — делінген заң жобасының қорытындысында.

Exit mobile version