Басты бет Жаңалықтар Қызылордада бір топ адам тұрғын үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан

Қызылордада бір топ адам тұрғын үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан

Фото: Polisia.kz Telegram каналы
13 мамыр сағат 7.00 шамасында көпқабатты тұрғын үй ауласында белгісіз азаматтар жанжалдасып, төбелес кезінде қару қолданған. Төбелеске қатысқан бірнеше азамат ұсталды.

Полиция жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, пышақ және травматикалық қару қолданғанын, төбелескенін, кейін барлығы оқиға орнынан кетіп қалғанын анықтады.

Екі күдікті қала аумағында, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында ұсталды. Қалған күдіктілер анықталып жатыр.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Exit mobile version