Басты бет Жаңалықтар Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып, аударылып қалды

Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып, аударылып қалды

Фото: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Шымкентте жүк пойызы рельстен шығып, 18 вагоны аударылып кетті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Төтенше жағдай туралы хабарлама 11 мамырда сағат 16:37-де түскен. Оқиға Абай ауданындағы Игілік-Бадам темір жолының 3266 километр учаскесінде болды.

Вагондар «Шымкент-Арыс» бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол төсемі ішінара зақымданды, — делінген хабарламада.

Вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді.

Exit mobile version