Қазақстанда 1 миллионнан астам адам мүлік пен көлік салығын төлемей отыр. Қарыздың жалпы сомасы 29,1 миллиард теңгеге жетті.
Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Берешектің басым бөлігі — 27,9 миллиард теңге көлік салығы болып төленуі керек. 26 мамырдан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберіледі, — делінген хабарламада.
Заң бойынша жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Ал қарыздың сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен (138 000 теңгеден) асып кетсе, Қазақстаннан шығуға тыйым салынады. Оған қоса берешек сомасының 25%-і көлемінде қосымша ақы төлейді. Бұл – сот орындаушыларының ақысы.