— Алдағы жекпе-жегіңізді Қазақстанда өткізесіз бе?
— Иа, дәл солай. Жекпе-жекті өз үйімде өткізгім келеді. Өйткені отандастарымның барлығы тарихты көзімен көргісі келеді. Адамдар мұны сезінгісі келеді. Мен өз елімді құрметтеймін. Олар мені әрдайым қолдайды, бұл өте маңызды, — деді Геннадий Головкин.
Алайда жекпе-жектің болжалды уақыты мен қазақстандық боксшының ықтимал қарсыласы туралы әзірге айтылмауда.
Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің жекпе-жегі Астанада 10 маусымда, EXPO көрмесі аясында өткізіледі деп бірнеше БАҚ хабарлаған еді. Оған тең қарсылас деп британдық Билли Джо Сондерсті (24-0, 12 КО) атаған еді. Головкиннің орта салмақтағы барлық титулдардың басын біріктіруіне тек Сондерс иеленетін WBO белбеуі қалды.