Басты бет Жаңалықтар Facebook-те 24 сағаттық жазбалар пайда болады

Facebook-те 24 сағаттық жазбалар пайда болады

Facebook Messenger-інде бір тәулік өткеннен кейін жазбаларды өздігінен өшіретін қызмет пайда болды. Бұл туралы БЕЛТА компанияның ресми блогында жариялады.

Көрнекі сурет

Жаңа қызмет Messenger Day деп аталады. Бағдарлама арқылы қолданушы суретті немесе видеотаспаны түсіріп, түрлі стикерлер, эмодзилер мен эффектілерді қолдана отырып, жариялай алады.

Фото немесе видео жариялағаннан кейін, желі қолданушылары бұл жазбаны 24 сағаттың ішінде көрулеріне мүмкіндіктері бар. Бұл функцияны барлық iOS және Android қолданушылары орната алады. Ол үшін Facebook Messenger-інің соңғы нұсқасын жүктесеңіз болғаны.

Еске сала кетейік, Facebook бұл идеяны Snapchat-тан алған алғашқы әлеуметтік желі емес. Бұған дейін осындай өздігінен жойылатын қызмет «ВКонтакте» мен Instagram-да пайда болған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version