Басты бет Жаңалықтар Шетелден Қазақстанға 670 миллиард теңге қайтарылды

Шетелден Қазақстанға 670 миллиард теңге қайтарылды

Фото: Ult.kz
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелден Қазақстанға 600 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылғанын айтты.

Бүгін мәжілісте тілшілер үкімет басшысының орынбасарына елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты сұрақ қойды.

Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша бас прокуратураның деректері жарияланып жатыр. Қазіргі кезде 670 миллиард теңге қатарылды, — деді Ерұлан Жамаубаев.

Еске салайық, былтыр қарашада мемлекет басшысы заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды.

Exit mobile version