Басты бет Жаңалықтар Президент Қазақстанның Әзербайжандағы елшісін тағайындады

Президент Қазақстанның Әзербайжандағы елшісін тағайындады

Фото: Akorda.kz
Президент Қазақстанның Әзербайжандағы елшісін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысының жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Exit mobile version