Елорданың халықаралық әуежайы маңында қамыс өртеніп жатыр. Бұл туралы Астана төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
13 сәуір күні сағат 12:28-де Астана төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшесі халықаралық әуежай жаққа қарай шақырту бойынша жолға шықты. Оқиға орнына жеткен кезде қураған ағаштар мен қамтыстың өртеніп жатқаны анықталды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1 гектар болады, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен үш техникасы жұмылдырылған.