Басты бет Жаңалықтар Қуат «Найман» Хамитов әлем чемпионы атағы үшін кіммен айқасады?

Қуат «Найман» Хамитов әлем чемпионы атағы үшін кіммен айқасады?

21 сәуірде Владивостокта аралас жекпе-жек шебері, «Alash Pride KZ» кәсіби жекпе-жек клубының мүшесі Қуат Хамитов (70,3 келіге дейін) Fight Nights нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін айқасады.

Оның қарсыласы — ресейлік Магомедсайгид Алибеков. Ол әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері атағына кандидат, ММА бойынша спорт шебері, әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша РФ Қарулы күштерінің екі дүркін чемпионы, әскери қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы, ММА-дан Алысшығыс федералды округі чемпионатының жеңімпазы, грепплингтен Ресейдің күміс жүлдегері.

Екі спортшының да салмақтары шамалас — 70 келіден. Магомедсайгид Қуаттан екі жас кіші, ол — 27 жаста.

Айта кетейік, Алибеков бүгінгі күнге дейін 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2001 жылдың мамыр айынан бергі Қуат Хамитовтың статистикасы — 17-4-1.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version