Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 448,39 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 29 наурыздағы ресми бағамы — 455,00 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 446,87 теңге, сату – 451,06 теңге.

Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,57 теңгеден сатып алынып, 449,75 теңгеден сатылып жатыр.