Педагогтардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Бүгіннен бастап app.testcenter.kz сайтында педагогтардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды.

Педагогтардың білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді. Бұл тестілеуге:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтары;
  • білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
  • жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары;
  • қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтары;
  • білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сонымен қатар жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтары;
  • педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
  • педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер) қатыса алады.

Айта кетейік, педагогтардың білімін бағалау бұған дейін Ұлттық біліктілік тестілеу (ҰБТ(НКТ)) деп аталған.