Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері мереке күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігі антициклон сілкінісінің ықпалында болады. Күн ашық және жылы болуы мүмкін.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық қысымы төмен аймақтарда бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, — деді синоптиктер.

Республика бойынша тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Exit mobile version