Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Анкараға барады.
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара барысында ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады, — делінген хабарламада.
Сапар барысында мемлекет басшысы Түркия президентімен кездесу өткізеді.