Басты бет Жаңалықтар Астанада II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады

Астанада II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады

Екінші Елизавета. Фото: ТАСС/Chris Jackson
Осы аптада Астанада Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингіде айтты.

2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің сыртқы істер, достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары өтеді. Астанада Джеймс Клеверли Қасым-Жомарт Тоқаевтың және премьер-министр Әлихан Смайыловтың қабылдауында болады, — деді Айбек Смадияров.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен келіссөздер ұйымдастырылады.

Сапар аясында Астанадағы саябақтардың бірінде II Елизавета атындағы сквердің ашылу салтанаты өтеді, — деді ол.

Exit mobile version