Басты бет Жаңалықтар Ауа райына байланысты екі облыста жолдар жабылды

Ауа райына байланысты екі облыста жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Фото: Qazaqstan.tv

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Абай облысында «Алматы — Өскемен» тас жолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және «Өскемен — Семей» тас жолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы — Өскемен» тас жолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және «Өскемен — Семей» тас жолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Exit mobile version