Басты бет Жаңалықтар Астанадан шығатын жолдардың барлығы жабылды

Астанадан шығатын жолдардың барлығы жабылды

Елордадан тысқары барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы хабарлады.

Фото: Александр Куприенко

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ұлттық операторының мәліметінше, Астананың тас жолдары ауа райының нашарлауына және қатты көктайғаққа байланысты жабылған.

Ауа райының нашарлауына байланысты алыс жолдарға шықпауға шақырамыз. Жолдарда қатты көктайғақ болып тұр, — деп ескертті ІІМ баспасөз қызметі.

Exit mobile version