Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады

Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады

2023 жылғы 1 шілдеден бастап аптасына екі рейс жиілігімен Маскат - Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейс ашылады.

Фото: Рarstoday.com

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп Salam Air әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version