Басты бет Жаңалықтар «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тас жолының бойында қозғалыс шектелді

«Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тас жолының бойында қозғалыс шектелді

«Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тас жолының Әулиекөл ауылынан Октябрьское ауылына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық.

Фото: Александр Куприенко

Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

Қостанай өңірінде ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қатты жел, көрінудің төмендеуі, боран) «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тас жолының Әулиекөл ауылынан Октябрьское ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version