Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Қатысушылар Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, атап айтқанда қуаты 1 миллиард м3 газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады.
Оған қоса кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 миллиард м3 болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталып жатыр. Жобаны екі кезеңде, яғни 2 миллиард м3-ден екі желі бойынша іске асыру жоспарланып жатыр.