Басты бет Жаңалықтар Ақсақалдар Amanat-қа дауыс беруге шақырды

Ақсақалдар Amanat-қа дауыс беруге шақырды

Amanat партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сания Әубәкірова қаланың құрметті ақсақалдарымен кездесіп, өңірдің түрлі бағытта дамуын талқылады.

Фото: Amanat партиясы

Партияның сайлауалды бағдарламасында қоғамдағы барлық түйткілді мәселе қамтылған. Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге, осы саланы одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен бірге ауылдарды көркейтуге де айрықша мән берілді. Партия белгілеген 10 бағыт білім, әлеумет, ауыл шаруашылығы, ұрпақ тәрбиесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тіл мәртебесі сынды түрлі саладағы мәселелерді шешуді көздейді. Бір сөзбен айтқанда, Amanat елімізді өркендету жолында еңбек етеді, – деп түсіндірді кандидат.

ақсақалдар, қария, ардагер
Фото: Amanat партиясы

Көпті көрген ақсақалдар халықтың келешекке деген көзқарасы жаңаша сипатқа ие болғанын айтты.

Бұрын өз-өзін депутаттыққа ұсыну деген болмаушы еді. Қазір небір белсенді азаматтар халық арасынан шығып, елдік істерге араласуға ниет танытып жатыр. Бұл елдің билік өкілдеріне деген сенімін нығайтты. Сол себепті біз өңір жұртшылығын ашықтық пен әділдікті ту еткен Amanat партиясына дауыс беруге шақырамыз!, – деді қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағынбек Аханов.

Фото: Amanat партиясы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған Amanat партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Exit mobile version