Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстанда тұманға байланысты республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстанда тұманға байланысты республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты республикалық жол жабылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы хабарлады. 

Фото: Айгүл Хожантаева

21 ақпанда жергілікті сағат 09:10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Орал — Тасқала автожолында (4-72 километр, Оралдан Тасқала ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, — делінген хабарламада.

Жабылу себебі – жолдың көрінбеуі, тұман. БҚО төтенше жағдайлар департаменті осыған байланысты ескерту жариялады.

Exit mobile version